Тест: Зерттеу нәтижелерінің ұсыну формалары
Пән: География
Сынып: 8
Оқу мақсаттары: 8.1.1.6 -зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Зерттеу нәтижелерін ұсынудың мәтіндік формаларына не жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Ғылыми есеп, баяндама, мақала, реферат
B) Модель, таныстырылым, қабырғалық баяндама
C) Кесте, диаграмма, сызба, карта
D) Фотосурет, видео, аудиожазба, анимация
2-сұрақ
Ғылыми есептің құрылымында кіріспе бөлімінде не көрсетіледі?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістері, жаңалығы мен маңызы
B) Қолданылған әдебиеттер тізімі
C) Зерттеу нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы
D) Фотосуреттер мен кестелер
3-сұрақ
Баяндама дегеніміз не?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Зерттеу нәтижесін ғылыми іс-шара кезінде ауызша айтып беру
B) Зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде баяндайтын құжат
C) Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасау
D) Зерттеу нәтижелерін көрнекі түрде ұсыну тәсілі