Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
Пән: Химия
Сынып: 7
Бөлім: Геологиялық химиялық қосылыстар
Оқу мақсаттары:
- 7.4.2.2 Кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу
- 7.4.2.3 Металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
- 7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу
- 7.4.2.5 Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
Балл саны: 15
Орындау уақыты: 20 минут
1-тапсырма (4 балл). Берілген ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіріңіз.
| Ұғымдар | Анықтамалар |
|---|---|
| 1. Минерал | A. Құрамында металдар болатын және оларды өнеркәсіптік жолмен алуға болатын табиғи шикізат. |
| 2. Кен | B. Жер қыртысында кездесетін, құрамы мен қасиеттері бірдей табиғи химиялық қосылыс. |
| 3. Тау жынысы | C. Өнеркәсіпте, шаруашылықта қолданылатын пайдалы қазбалар. |
| 4. Пайдалы қазба | D. Бір немесе бірнеше минералдардан тұратын табиғи дене. |