СУММАТИВТІК БАҒАЛАУ
3-ТОҚСАН БОЙЫНША
ПӘНІ: Алгебра
СЫНЫП: 9
НҰСҚА 1
Оқу мақсаттары:
9.1.1.1 Бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру. 9.1.2.1 Градусты радианға және радианды градусқа айналдыру.
9.2.4.5 Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.
9.2.4.6 Бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын, бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру.
9.2.4.3 Бұрыштардың қосындысы мен айырымының тригонометриялық формулаларын қорытып шығару.
9.2.4.4 Келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану.
9.2.4.4 Жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану.
Жалпы балл: 20
1-тапсырма (А деңгей, 1 балл)
Бұрыштың радиандық өлшемі дегеніміз не? 120° бұрышты радианмен өрнектеңіз.