Тест: Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема
Пән: Геометрия
Сынып: 7
Оқу мақсаттары: 7.1.1.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу
Сұрақ саны: 10
Уақыты: 20 мин
1-сұрақ
Геометрияның дәлелдеусіз қабылданатын негізгі тұжырымы қалай аталады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Теорема
B) Аксиома
C) Анықтама
D) Постулат
2-сұрақ
Параллельдік аксиомасы бойынша, берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы оған неше параллель түзу жүргізуге болады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Екі түзу
B) Шексіз көп түзу
C) Бір ғана түзу
D) Үш түзу
3-сұрақ
Төмендегілердің қайсысы геометрияның негізгі ұғымдарына жатады?
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
A) Нүкте, түзу, жазықтық
B) Бұрыш, үшбұрыш, шаршы
C) Кесінді, сәуле, шеңбер
D) Тікбұрыш, параллелограмм, ромб