СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ БӨЛІМ БОЙЫНША
ПӘНІ: Математика
СЫНЫП: 5
БӨЛІМ: Ондық бөлшек
БАЛЛЫҚ ҚҰНЫ: 15 балл
Ескерту: ЗПР бар оқушыларға жұмысты орындау үшін қосымша уақыт беріледі. Тапсырмалар жеңілдетілген тілмен жазылған және көрнекі қолдаулармен қамтылған.
ВАРИАНТ 1
Мақсаттар:
- 5.1.2.26 Ондық бөлшектерді салыстыру; 5.1.2.27 Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.
- 5.1.2.28 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау; 5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау.
- 5.1.2.31 Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу ережелерін қолдану.
- 5.5.1.5 Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару.
1-тапсырма (3 балл). Ондық бөлшектерді салыстыру және арифметикалық амалдар.
А) Сандарды өсу ретімен орналастырыңыз: 4,7; 4,07; 4,71; 4,1
Ә) Есептеңіз: 12,5 + 3,24
Б) Есептеңіз: 7,8 – 2,15