СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ БӨЛІМ БОЙЫНША
ПӘН: Информатика
СЫНЫП: 7
БӨЛІМ ТАҚЫРЫБЫ: Python тілінде алгоритмдерді программалау
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: 7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу; 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.
ЖИЫНТЫҚ ҰПАЙ САНЫ: 12
ВАРИАНТ 1
1-тапсырма (7.3.3.1). Python тілінде файлмен жұмыс істеуге арналған программаның коды берілген. Кодта бос орындар бар. Берілген сөздерді пайдаланып, бос орындарды толтырыңыз. (3 ұпай)
Сөздер: close(), read(), open()
# Файлдан оқу
файл = ________("деректер.txt", "r")
мазмұн = файл.________()
файл.________()
print(мазмұн)