СУММАТИВТІ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСЫ (СОР)
| Пән | Химия |
| Сынып | 10 |
| Тарау | 10.4 Қанықпаған көмірсутектер. 10.4 Галогеналкандар. |
| Оқу мақсаттары |
10.4.2.10 «қанықпағандық» терминін және оның қосылыстың қасиеттеріне әсерін түсіндіру; 10.4.2.14 алкадиендердің қасиеттерін олардың құрылысы негізінде түсіндіру; 10.4.2.16 алкиндердің құрылымдық формулаларын құрастыру, алкиндердің химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын зерделеу; 10.4.2.25 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизмін түсіндіру; 10.4.2.17 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру. |
| Балл | 14 |
| Уақыт | 30 минут |
1-нұсқа
1-тапсырма (2 балл)
Толық жауап беріңіз.
«Қанықпағандық» терминінің мағынасын түсіндіріңіз. Қанықпаған көмірсутектердің қаныққан көмірсутектерден қандай ерекшеліктері бар? Өз жауабыңызды екі фактімен дәлелдеңіз.