СЫНЫП ІШІНДЕГІ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
СОР (Бөлім бойынша жиынтық бағалау)
ПӘН: Биология
СЫНЫП: 8
БӨЛІМ ТАҚЫРЫБЫ: 8.2В Тыныс алу
БАЛЛ САҢЫ: 12
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизмдерін сипаттау
8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру
8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
ВАРИАНТ 1
1-тапсырма. Өкпе мен ұлпадағы оттегі мен көмірқышқыл газының алмасу процесін сипаттаңыз. (3 балл)
Жауабыңызда келесі терминдерді қолданыңыз: альвеола, қан капиллярлары, эритроциттер, гемоглобин, диффузия, ұлпа сұйықтығы.