Перейти к содержанию
Тест

Тест «Болашақ энергиясы» по казахскому языку и литературе, 9 класс

Тест по казахскому языку и литературе для 9 класса по теме «Болашақ энергиясы» с ответами. Открыты первые вопросы; все вопросы, ответы и файл Word — после бесплатной регистрации.

  • Казахский язык и литература
  • 9 класс
  • Обновлено 29.09.2026
Создать тест по своей теме

Тест: Болашақ энергиясы

Предмет: Казахский язык и литература

Класс: 9

Цели обучения: **2017 жылы Астанада өткен «ЭКСПО» «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналды. Энергияны үнемдеп, баламалы жаңартылған энергия көздерін дамыту жалпы адамзатты алаңдатып отыр. Себебі Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінде халық саны өсуде. Сондықтан болашақта энергияға сұраныс артады. Болашақта экологияны бұзбай, халықты энергетикамен қамтамасыз ету қажет. Таза жолмен өндірілген баламалы энергия экологияны бұзбайды. Баламалы энергия Күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су көздерінен алынады. Бұл мәселемен бүкіл дүниежүзінің ғалымдары айналысып жатыр.**

**Ғалымдар:** «Қазақстанда болашақ энергиясын су электр стансасы, жел энергетикасы, Күн энергетикасы, атом электр стансасынан алған тиімді», – деп санайды. Болашақ энергиясы арзан әрі экологияны бұзбайды. Бұл көліктерді энергиямен жабдықтау, үйлерді жылыту, қалаларға жарық беру мәселелерін шешуде тиімді. Осылайша, экологияға, адам денсаулығына қауіпсіз энергия алынады.

**Қазақстанда** баламалы энергия өндіретін кәсіпорындар бар. Алматы облысында 5 жоба іске асырылған. Өзен суларын босқа ағызбай, баламалы энергия өндіруге қолдануда. Солардың бірі — Текелі қаласындағы «Қора» су электр стансасы. Стансадағы оператор бүкіл ГЭС-ті басқарады. Қалған жұмыстар автоматты түрде жасалады. Өзеннен қандай су алынса, сондай таза суды өзенге қайта құяды. Мұнда 28 МВт электр қуаты өндіріледі. Облыста енді 20 шағын су электр стансасы, 3 Күн электр стансасы, 1 биоэлектр стансасы салынады.

**Қазақстанның** болашақ энергия жобаларынан несібе алғысы келетін шетелдік компаниялар шартқа отырып, қол қойды. Олар: Сауд Арабиясы, Канада, АҚШ, Қытай елдерінің ірі компаниялары. Шетелдік ірі компаниялар бірігіп, елімізде болашақ энергия көздерін өндіруге атсалысады

Вопросов: 10

Время: 15 мин

Вопрос 1

2017 жылы Астанада өткен «ЭКСПО» көрмесінің тақырыбы қандай болды?

Выберите один ответ.

A) Болашақ энергиясы
B) Жаңартылған ресурстар
C) Қазіргі технологиялар
D) Жасыл қалалар

Материал опубликован обезличенно: имя автора и название школы из него убраны.

К этой теме есть ещё

Нужен тест на свою тему?

Этот тест собран в генераторе тестов Telly. Укажите предмет, класс и тему — через пару минут получите свой: с вариантами ответов, ключом и ссылкой для учеников.