Перейти к содержанию
Тест

Тест «Думан Рамазан "Соңғы дем» по казахскому языку и литературе, 10 класс

Тест по казахскому языку и литературе для 10 класса по теме «Думан Рамазан "Соңғы дем» с ответами. Открыты первые вопросы; все вопросы, ответы и файл Word — после бесплатной регистрации.

  • Казахский язык и литература
  • 10 класс
  • Обновлено 29.09.2026
Создать тест по своей теме

Тест: Думан Рамазан "Соңғы дем"

Предмет: Казахский язык и литература

Класс: 10

Цели обучения: Күн әлі ұясынан көтеріле қоймаған кез. Гүлжан сиырын сауып, табынға қосты. Қаншайым қарияны көріп, қасына келді.

— Есенсіз бе, әжей?
— Шүкіршілік, қарағым. Өз үй іші аман ба? Нұрбек баламның денсаулығы жақсы ма? Немереміз ауырып, түні бойы жылайды.
— Салқын тиіп қалған болар, — деді Гүлжан қарияға.
— Жоқ, Құдай! Ол ауырғалы қаш-а-а!.. Жарымжан болып туды ғой байғұс бала. Аузымен ғана дем алады, — деді қарт ана жанарына іркілген жасты жаулығының ұшымен сүртіп. — Адам бола ма, болмай ма, — білмеймін!
— Осының бәрі — ай сайын жер-дүниені сілкінтіп жатқан жарылыстардың әсері ғой.
— Иә, жарқыным... Атом емес, ақырзаман болды ғой бізге.
— «Нұрбектің де дерті содан болды ғой» деп ойлаймын... Шөпшілер бригадасында істегенде Дегеленнің маңынан шөп шапқан еді... Ыстықтаған соң салқындап алайын деп кішкене көлге шомылыпты. Содан ертеңінде арқасына кішкене жара шығып, іріңдей бастады. Жара күннен күнге ұлғайып, қыс түсе Нұрбектің барлық денесіне тарады. Содан қаралмаған дәрігері жоқ, ешқандай ем қонбады. Уақыт өткен сайын аяқ-қолы семіп, қозғалу өзі күшке айналып барады. Шашы жидіп түсті, — деді Гүлжан көзіне жас алып.

— ...Әңгімемен тұрып қалыппыз ғой, қызым. Міне, шай да қайнады. Үйге кіріп, дәм ауыз ти, қарағым!
— Рахмет, әжей! Нұрбектің тамағын берейін...

Бір құшақ отын ала кірген Гүлжан пешке от жақты. Нұрбектің жанына келді. Ол қинала жатып:
— Жылы сүт бар ма? — деді.

---

— Бар... қазір...

Әжей сүт әкеліп берді. Біраз уақыт өткен соң:
— Нүке! — деді ол ақырын ғана.

Дыбыс жоқ.
— Нұрбек! — деді дауысын көтере.

Үн жоқ...
«Түні бойы ұйықтай алмай еді», — деп, жүзіне үңілгенде, өңі аппақ құдай болып, көздері шарасынан шыға бақырайып жатқанын көріп:
— Шыны... мен... шыны... мен-ақ... тас...тап... кет...кенің... бе?! — деп жансыз денені құшақтай жығылды.

Вопросов: 20

Время: 20 мин

Вопрос 1

Думан Рамазанның 'Соңғы дем' әңгімесіндегі оқиға қай жерде өтеді?

Выберите один ответ.

A) Қалада
B) Ауылда
C) Таулы аймақта
D) Шағын кентте

Вопрос 2

Гүлжан Нұрбектің ауруының басталу себебін қалай түсіндіреді?

Выберите один ответ.

A) Ауа райының кенет өзгеруінен
B) Дегелен маңындағы көлде суға түскенінен
C) Балалық шақтағы жарақаттан
D) Дұрыс тамақтанбауынан

Вопрос 3

Қаншайым қария Нұрбектің немересінің ауруын қалай сипаттайды?

Выберите один ответ.

A) Қатты жөтел мен қызбамен
B) Жарымжан болып туып, ауызбен ғана дем алуымен
C) Асқазан ауруымен
D) Тыныс алу қиындығымен

Материал опубликован обезличенно: имя автора и название школы из него убраны.

Нужен тест на свою тему?

Этот тест собран в генераторе тестов Telly. Укажите предмет, класс и тему — через пару минут получите свой: с вариантами ответов, ключом и ссылкой для учеников.